Павлодарда қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізуші жазаға тартылды

Павлодарда қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізуші жазаға тартылды
Фото: Константин Шелков

Іс сотқа жолданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жарақаттануды азайту мақсатында жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері әлі де тіркелуде.

Мәселен, Қамзин көшесі бойында «Фронталды жүк тиегіш LW300FN» көлік құралының жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен.

– Аталған құқықбұзушыға қатысты әкімшілік материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді  облыстық полиция департаментінде.

Құзырлы орган жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият болуға шақырды.