Павлодарлық грэпплерлер әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Павлодарлық грэпплерлер әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті
Фото: @sport_basqarmasy

Олар жалпы 16 жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Мәскеуде өткен грэпплинг және грэпплинг гиден әлем чемпионатынан павлодарлық спортшылар жеңіспен оралды. Олардың қоржынында 16 медаль бар. Оның алтысы алтын, тағы алтауы күміс және төрт қола.

Ересектер санатында Заирбек Абылкадыров күміс, Савелия Казаков қола жүлдегері атанды. 

Ал жалпы командалық есепте Қазақстан тек Үндістаннан ұтылып, екінші орынға ие болды. 

Барлық спортшылар грепплинг және джиу-джитсу «BEK TEAM» академиясында жаттықтырылады.