Павлодарлық спортшы Испанияда үздіктердің қатарынан көрінді

Павлодарлық спортшы Испанияда үздіктердің қатарынан көрінді
Фото: Спорт басқармасы

Жарыс Мадрид қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Павлодар облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Ернұр Нұрғазы 5-7 шілде аралығында Мадрид қаласында өткен еркін күрестен Испания Гран-при рейтингтік турнирінде күміс медаль жеңіп алды.

Айта кету керек, осылайша Ернұр Нұрғазы Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.