Майқайыңдық спорт мектебінің басшысы халықаралық жарыстан қола медальмен оралды

Майқайыңдық спорт мектебінің басшысы халықаралық жарыстан қола медальмен оралды
Фото: Майқайың кентінің БЖСМ

Турнирде әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық спортшы бақтарын сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кенттің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі баспасөз қызметінің мәліметінше, 13-17 мамыр аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Халық арена» спорт кешенінде самбодан жасөспірімдер, жастар, кадеттер және шеберлер арасында Азия чемпионаты өтті.

Аталмыш турнирге әлемнің 25 елінен 500-ге жуық спортшы келді. Бес күн ішінде спортшылар 62 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Аталған жарыста шеберлер арасында ҚР намысын қорғаған Майқайың кенті БЖСМ басшысы Өміртай Шарипжанов үшінші орын алып, қола жүлдеге ие болды.