Павлодар облысының автожолында КамАЗ жыраға түсіп кетті
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінше, таңғы сағат 07:58-де «Атамекен-Русская поляна» автожолында Жолқұдық ауылының маңында КамАЗ көлігінің 37 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолда аударылып, жыраға түсті.
Зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік апаты бойынша тексеріс жүргізілуде.