Павлодарлық боксшы африкалық қарсыласымен кездеседі

Павлодарлық боксшы африкалық қарсыласымен кездеседі
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Жекпе-жек бүгін өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ертіс ауданының тумасы Серік Теміржанов замбиялық боксшы Эндрю Чилатамен кездеседі. Бұл Дубайдағы бокс бойынша әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалдық жекпе-жек болады. Алғашқы жекпе-жегінде павлодарлық боксшы моңғолиялық Эрдэнэбатын Цэндбаатарды 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта жеңіліссіз келеді: 1/16 финалда жарысты бастаған он бір боксшының барлығы 1/8 финалға шықты. IBA бокс бойынша әлем чемпионаты БАӘ-де өтіп жатыр, оған 118 елден келген спортшылар қатысуда. Барлығы 13 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Турнирдің жүлде қоры 8,3 миллион долларды құрайды.

Әлем чемпионатының 1/8 финалдық жекпе-жектерінің кешкі сессиясы сағат 21:00-де басталады. Серік Теміржанов алтыншы жекпе-жекте рингке шығады.