Павлодарлық кәсіпкерге арнайы білдектерді өндіруге грант берілді

Павлодарлық кәсіпкерге арнайы білдектерді өндіруге грант берілді
Фото: petropavlovsk.admir.kz

Ол алынған қаражатқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, түсіндірме жұмыстары шеңберінде бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау алушыларды аралауды жүзеге асырады. 

2023 жылы «Арман» жеке кәсіпкерлігі конкурстық қарау қорытындысы бойынша ірі қара мал және жылқыларды бекітуге арналған кәсіби (станоктар) салмақ бекітпелерін өндіру үшін грант ұтып алды, – дейді баспасөз орталығында.

Ескерте кетейік, 5 миллион теңгеге дейін грант беруге арналған конкурс жыл сайын өткізіледі. Ағымдағы жылдан бастап гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне берілетін болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар облысының КИИДБ (@upiir_pavlodar)