Павлодар облысында су қымбаттайды

Павлодар облысында су қымбаттайды
Фото: pixabay.com

@Pavlodarmews.kz тілшісі биыл су бағасының көтерілуінің үш себебін анықтады.

11 ақпанда «Павлодар-Водоканал» ЖШС тарифтерді өзгертуге өтініш берді. Кәсіпорынның қосымша шығындары шамамен бес миллиард теңгені құрайды және олар оны қызмет көрсету тарифтері арқылы өтеуді көздеп отыр.

Әзірге бұрынғы бағалар қолдануда: ауызсуға – 181 теңге, ағынды суды бұруға – 110 теңге, техникалық суды тарату желілері арқылы жеткізуге – 99 теңге. Өтініш мақұлданғаннан кейін құны орташа есеппен жарты есеге артады: ауызсу – 282 теңге, ағынды суды бұру – 148, техникалық су – 162 теңге тұратын болады. Осындай өзерістерге үш негізгі себеп бар.

– Жұмсалатын бес теңгенің үш миллиард теңгесі су желілерін жөндеуге жұмсалған инвестиция. Павлодар облысының инфрақұрылымының техникалық жағдайына қарасақ, тозуы айтарлықтай жоғары – 85 пайыз, сондықтан апаттар мен тоқтаулар жиі орын алып, үлкен қаржылық шығындарға әкеп соғады. Қала бойынша жылу және су желілері 700-800 шақырымға созылып жатыр. Бір шақырым магистральдік құбырды жөндеуге бір миллиард теңгеге жуық қаржы қажет. Сондықтан «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы – көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың қажеттілігі, – деп түсіндірді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Нұрлан Нұрмұратов.

Екінші себеп – электр энергиясының қымбаттауы.

– Бағалар жылдан жылға өсіп келеді, сондықтан субъектілер өз қызметтерінің құнын қайта қарауға мәжбүр, – деп түсіндірді спикер. – Біз электр энергиясының тарифтеріне жауапты емеспіз, оларды Энергетика министрлігі белгілейді.

Үшіншіден, тарифтерді көтерудің маңызды себептерінің бірі – жұмысшылардың жалақысы. Олардың табысы 74 мың теңгеге артуы мүмкін.

– Жалақыны көтеру – қажеттілік, өйткені кадр мәселесі тұрақты қызмет көрсетуге әсер етеді. Қызметкерлердің жалақысы аймақтағы орташа жалақыға сәйкес болуы керек, – деп қосты басқарма басшысы.

Нұрлан Нұрмұратовтың айтуынша, облыс тұрғындарының осал топтары үшін тариф төмендетеді.

Басқарма өтінішті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, он күн ішінде қарайды. Олардың шешімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді.

Егер есептерге сәйкес, 2026 жылы «Павлодар-Водоканал» ЖШС өз шығындарын өтеп, міндеттемелерін орындамаса, былтырғыдай тарифтер төмендейді.

Атап өтейік, Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда Павлодар суы ең арзан судың бірі болып табылады, 20 аймақ ішінде Павлодар облысы 19 орынға шықты.