Павлодар облысында қайтарымсыз гранттар берудің талаптары өзгерді

Павлодар облысында қайтарымсыз гранттар берудің талаптары өзгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жаңа қағидаларды жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

5 миллион теңгеге дейін мемлекеттік гранттар берудің жаңа қағидаларына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері және «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады.

  • Конкурсқа қатысушыларға қойылатын міндетті талаптар:
  • Мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде қоса қаржыландыру (оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы/жылжымайтын мүлік;
  • Жаңа жұмыс орындарын құру;
  • Кәсіпкердің бизнес-жобасында жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымның болуы немесе құрылуы көзделген инвестициялық жоспардың болуы.

Ол үшін жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама, 3 жылдан аспайтын мерзімге «Бастау Бизнес» оқыту сертификаты, қоса қаржыландыруды растау кемінде 20%, «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасының финалист мәртебесін растау құжаттары керек. 

Қосымша ақпарат алу үшін 32-33-82, 32-33-21, 66-03-11 телефондары арқылы хабарласуға болады. Конкурс қыркүйек айына жоспарланған. Kezekte.kz сайтында өтінім беруге болады.