Павлодарлық мектепте Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мұражай ашылды

Павлодарлық мектепте Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мұражай ашылды
Фото: қалалық білім беру бөлімі ұсынды

Мұражайда 150-ден астам экспонат бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 мектебінде Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 35 жылдығына арналған іс-шаралар аясында әскери мұражай ашылды.

Мұражайда Ауған соғысында қаза тапқан павлодарлықтардың 36 фотосуретінен тұратын «Қаза тапқандардың есімі ел есінде» стенді ілінген. Олардың қатарында 1978 жылғы мектептің түлегі Анатолий Финенко бар. 2019 жылы мектепте батырға арналған ескерткіш тақтасы ашылды. Сондай-ақ, мұражайда «Ауған қарсылығы», «Кеңес әскерлерін енгізу», «Соғыс жаңғырығы», «Павлодар қаласы мен Павлодар облысының Ауған соғысы және жергілікті соғыстары ардагерлері мен мүгедектерінің» ҚҚ қызметі» стендтері жасалды. 

Экспонаттардың ішінен қару-жарақ, оқ-дәрілер, танкке қарсы және қол гранаталары, дабыл шамы, картридждер, АКМ автоматының оқтары, «Украина-4» кинопроекторы, кассеталық магнитофон, қозғалмалы теледидар, ойнатқыш, радио, Ауғанстандағы кеңес сарбазының манекенін көруге болады.  

Мұражайды құруда бастапқы әскери және технологиялық даярлық мұғалімі, Николай  Липин «Павлодар қаласы және Павлодар облысының Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері» ҚҚ бірлесіп, Ермек Кабдыгалиевтің жетекшілігімен «Бүркіт» мектеп әскери-патриоттық клубының қатысушыларының маңызды рөлі бар. Құжаттарды зерделеу, материалдар жинау және мұражай құру жұмыстары бес жылға созылды.

– Мектеп мұражайларының жұмысы одан әрі жалғасатын болады. Қазіргі уақытта мектеп сайты негізінде жұмыс істейтін «Мектеп тарихы» виртуалды мұражайын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мамандандырылған шағын сайт, ол мұражайдың дәстүрлі идеясынан тыс мүлдем жаңа шынайылықты білдіретін болады, – деп мектеп директоры Рифкат Муратов жоспармен бөлісті. 

Білім ордасында тағы екі мұражай бар екенін айта кету керек. Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзин атындағы жауынгерлік даңқ мұражайы 2005 жылы ашылды. Ол жауынгерлік марапаттары, құжаттары бар стендтермен жабдықталған. Мұражайда соғысқа байланысты 100-ден астам зат бар: кеңес сарбаздары мен фашистік басқыншылардың дулығалары, түрлі погондар және т.б. Ал экологиялық мұражай 1998 жылы «Родник» экоклубының негізінде құрылды. Мұражайда облыстың жануарлар мен өсімдіктер әлемінің 200-ден астам экспонат бар.