«Ақберен»: Павлодарда мектеп оқушылары өнер байқауында бақтарын сынады
Байқау 8-11-сынып оқушылары арасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңіне 10 аудан, 3 қала және 13 мамандандырылған мектептен 102 оқушы қатысты.
Сайыс қорытындысында 50 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 6, ІІ дәрежелі дипломмен – 19, ІІІ дәрежелі дипломмен – 25.
«Шешендік білгірлік сайысы» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Нұрай Зекебай марапатталды.
«Эссе жазу» бағыты бойынша І дәрежелі дипломға – Павлодар қаласының №7 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Қайрулла Ділназ ие болды.
«Ақындар мүшәйрасында» І дәрежелі дипломмен – Ақсу қаласының Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Еркебұлан Тіленш марапатталды.
«Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағытында І дәрежелі дипломға – Баянауыл ауданы М. Әуезов атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тулеубекова Динара ие болды.
«Ақындар айтысында» І дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Нұриден Охиттан иеленді.
Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық «Ақберен» байқауына қатысады.
Жүлдегерлердің толық тізімін сілтеме арқылы білуге болады.