Шідерті кентінде балабақша жаңартылуда

Шідерті кентінде балабақша жаңартылуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар бұл мәселені көптен бері көтеріп келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин халықпен тұрақты кездесулер шеңберінде Төрт-Құдық, Бәйет ауылдық округтерінің, сондай-ақ Шідерті кентінің тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар бірқатар нысандарды аралады.

Шідерті кентінде балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл – өте маңызды және көптен күткен жоба, өйткені ауыл тұрғындары бұл мәселені бірнеше мәрте көтерген болатын. Ішкі инженерлік желілер, кабинеттер, балабақша аумағындағы шағын нысандар жаңартылып, жаңа жиһаз сатып алынады, – деді Аян Бейсекин.

Күрделі жөндеу «KAZ Minerals» қолдауымен жүзеге асырылуда. Кеншілер қаласының әкімі мердігер ұйымға жұмыстың сапасына назар аударуды тапсырды.

Сондай-ақ, ол Шідерті ауылында наубайхана ашқысы келетін кәсіпкермен кездесті. Ауыл тұрғынының өтінімі «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мақұлданып, несиелеу сомасы 9,2 миллион құрайды, қаражаттың түсуі күтілуде. Кәсіпкер пеш және басқа қажетті жабдықтарды сатып алуды жоспарлап отыр. Жалпы, үш кәсіпкер несие алған және үш өтінім қаралуда.

Жылыту маусымына дайындық шеңберінде ағымдағы жылы Бозшакөл ауылының қазандығында екі қазандық орнатылды, жабдықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген. Бүгінгі күні үш қазандық жұмыс істеп тұр, біреуі – резервте. Қазандықты жаңарту жұмыстары жылыту маусымының үздіксіз өтуіне мүмкіндік береді.