Павлодарда кейбір көшелерде жарық болмайды

Павлодарда кейбір көшелерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

7 қарашада электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, электр желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін келесі мекенжайларда электр қуаты өшіріледі:

Тұрғын үйлер: Кунавин көшесі – Амангелді көшесі – Баратбаев көшесі.

Сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін  Нұркин көшесі, 74, Иса Байзақов көшесі, 159, Гагарин көшесі, 59/1 мекенжайлары мен Амангелді – Кенжетаев  – Теплов – Чехов көшелеріндегі тұрғын үйлерде жарық болмайды. 

Сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Амангелді – Уәлиханов – Гагарин – Нұркин көшелерінде электр қуаты өшіріледі.