Павлодарда бес автобус бағыты уақытша өзгереді
Жөндеу жұмыстарына байланысты Мақатаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында Мақатаев көшесінің Бекхожин көшесінен Нұркин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Жөндеу жұмыстары екі күн бойы сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Осыған байланысты №003, №1Э, №31, №53 және №55 автобус бағыттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.
№003 және №31 автобустары жөндеу учаскесін Мәшһүр Жүсіп – Генерал Бәкіров – Бекхожин – Майра көшелері арқылы айналып өтеді.
№1Э бағыты Академик Сәтбаев, Ткачев, Майра, Бекхожин, Теплов және Мәшһүр Жүсіп көшелері арқылы уақытша бағытпен қатынайды. «Дачный» шағынауданынан қатынайтын автобустар үшін де айналма қозғалыс ұйымдастырылады.
Қалған өзгерістер №53 және №55 автобус бағыттарына да қатысты енгізіледі.
Қалалық бөлім тұрғындардан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.