Павлодарлық психикалық денсаулық орталығындағы емделушілер наразылықты тоқтатты

Павлодарлық психикалық денсаулық орталығындағы емделушілер наразылықты тоқтатты

Олар бүгіннен бастап штаттық тамақтану режиміне оралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олардың талабы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына емдік демалысқа жіберу, демалыс күндері кездесуге  рұқсат алу туралы өзгеріс енгізу.

Алайда мекеме басшысы бұл талаптың орынсыз екенін атап өтті.

- 2020 жылға дейін емдеу комиссиясының шешіміне қарай емдік демалыс берілген. Дегенмен сол кезде кейбір науқастар қайтып келмеген, қашып кетіп жүрген немесе алкогольге, есірткіге мас күйінде оралған. Сондықтан 2020 жылдан кейін жаңа бұйрыққа сәйкес сот шешімімен мәжбүрлі ем алып жатқандарға демалыс берілмейді, – дейді Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының басшысы Кахан Иманбеков.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығының 8-тармағына сәйкес: “Ішінара емдеуге жатқызу, емдік демалыс режимдері сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емделіп жатқан адамдар үшін қолданылмайды".

Естеріңізге сала кетейік, 16 мамыр күні сот шешімі бойынша психикалық денсаулық орталығынан мәжбүрлеп емдеу бөлімінде жатқан бірінші блоктағы 16 адам тамақтанудан бас тартқан болатын.

17 мамырда денсаулық сақтау басқармасы емделушілердің жағдайы мен талаптарын анықтау үшін шу шыққан мекемеге бас сұқты.

- Онда аштық жариялағандармен  жүргізілген жеке қабылдаулардың қорытындысы бойынша 5 емделуші келісімге келді. Ал бүгін, яғни 18 мамыр күні таңертең келіссөздер мен түсініктемелер қорытындысы бойынша қалған 11 адам наразылықтан бас тартты, - делінген хабарламада.

Танысу шарттарымен, сондай-ақ наразылық білдірудің құқықтық әдістерін түсіндіру үшін Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Арсен Жакупов наркодиспансердің пациенттерімен кездесті.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Сауле Арыстановамен бірге барлық емделушілермен кездесулер өткізіліп, олардың тілектері мен ұсыныстары тыңдалды. Емделуге келгендер үшін олардың құқықтары бұзылған жағдайда іс-қимыл тетігі бойынша түсініктемелер беріліп, қажет болған жағдайда хабарласу үшін байланыс нөмірі қалдырылды. 

Сонымен қатар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл Арсен Жакуповтың қорытынды бойынша наркодиспансердің басшылығына пациенттердің бос уақытын ұйымдастыру және тамақтану сапасын бақылау бойынша ұсыныстар айтылды.