Жұма күні Павлодар облысында жел болады
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14, түнде оңтүстік-шығыста, күндіз облыстың көп бөлігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы болады, облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Күндіз 15-20 градус жылы болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады.