Павлодарлық донорлар қанша қазақстандыққа көмектесті?
Еліміздің транспланттауды күту парағында төрт мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде 103-і – бала, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Министрлігінің трансплантация және жоғары технологиялық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы ұйымдастырған семинар өлгеннен кейінгі донорлық тақырыбына арналды. Айта кетерлігі, медициналық себептерге байланысты мидың өлімі тіркелген адам ғана мәйіт доноры болып саналуы мүмкін.
– Өткен жылы елде қайтыс болғаннан кейін жеті адам донор болды. Олар 19 адамды құтқарды, – дейді орталық директоры Айдар Сейітқазинов.
Спикердің айтуынша, туыстарының рұқсатымен бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе трансплантацияланады. Бүгінде орталық қасаң қабаққа жасалатын операция түрі – кератопластиканы дамытуда. Бұған дейін ҒЗИ көз ауруларымен айналысқан. Алайда жеке меншікке өту себебінен ішкі ағзаларды трансплантациялауға құқығы жоқ.
Сондай-ақ, орталық директоры қайтыс болғаннан кейінгі донорлық кезінде реципиенттің кім болатыны белгісіз екенін айтады. Бұл мәселені ақпараттық жүйе кезектегілер тізімінен таңдап шешеді. Донорлық мүшені әрбір Қазақстан тұрғыны тегін алады.
Реципиенттерде донорлық органды қабылдамау жағдайлары тіркелген жоқ. Пациенттердің дәрігерлердің барлық ұсыныстарын орындауы маңызды екенін ескертті.
– Донорлық – бұл игі іс, – деді Айдар Сейітқазинов. – Осы бағытта азаматтарымыздың түсінігін қалыптастыруымыз керек. Дін трансплантацияға қарсы емес, мұнда бастысы донорға да, реципиентке де зиян тигізбеу керек.
Айдар Сейітқазиновтың сөзінше, Қазақстан өмір сүру кезеңдегі донорлықтан бас тартады. Себебі, оның жанында қандай да бір қаржылық мүдделер болуы мүмкін.
Қайтыс болғаннан кейін донорлық 90 пайызға жеткен Испания мемлекеті Еуропада көшбасшы болып саналады. ТМД елдерінің арасында Беларусь, мұсылман мемлекеттерінің арасында Иран алдыңғы қатарда. Ал Қазақстанда Павлодар облысы донорлықтан бірінші орынды алады.
Павлодар облысының трансплантология жөніндегі өңірлік үйлестірушісі Дмитрий Потеребух 220 павлодарлық донорлық органдарға мұқтаж екенін атап өтті. Оның 85 пайызы – бүйрекке. 2016 жылдан бастап Павлодар облысынан қайтыс болғаннан кейінгі 14 донор 70 қазақстандықты трансплантацияға күту парағынан алып тастауға мүмкіндік берді.
Өңірімізде үш медициналық ұйым – №1, №3 қалалық аурухананың инсульт бөлімшелері және кардиохирургиялық орталық донорлық болып саналады.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында инсульттан қайтыс болған 55 жастағы ер адамның туыстары қайтыс болғаннан кейін донорлыққа рұқсат берген болатын. Павлодарлықтың жүрегі –елорданың 49 жастағы тұрғынына, бүйрегі – Абай облысынан келген 16 жастағы жасөспірім және алты жыл бойы «бүйректің V терминалдық сатысы» диагнозымен гемодиализде болған 26 жастағы қарағандылыққа ауыстырылды.
Бұған дейін Өскемен мен Павлодардан келген екі донордың ізгі ниетінің арқасында дәрігерлер ағзаларды трансплантациялауды көптен күткен тоғыз пациенттің өмірін сақтап қалғаны хабарланған болатын.