Павлодарлық шабуылшы «Ертіске» оралды
Ойыншының соңғы жұмыс орны семейлік «Елімай» болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс» түлегі Арман Смайылов туған командасына оралды. 26 жасар форвард бес клубта ойнап үлгерген. Былтыр ол Оралдың «Ақжайығы» мен семейлік «Елімай» үшін барлығы 24 матч өткізді. Әрбір команда сапында Бірінші лигада 12 ойын өткізген ол, әрбіреуі үшін төрт-төрттен гол соқты.
Қазақстан Кубогінде шабуылшы тіпті таңдай қақтырарлық нәтиже көрсетті. Топтық кезеңде ол барлығы 13 гол соғып, «AKAS» қақпасын бес мәрте дәл көздеді.
Айта кетейік, «Ертіс» Қазақстан Кубогінің топтық турнирінде өнер көрсетуде. 17 наурызда ол алматылық «AKAS»-пен ойнайды.
Естеріңізде болса, топ жеңімпаздары өзара плей-офф кезеңіде 1/8 финалға шығатын үш жолдама үшін тартысады. Осы сыннан сүрінбеген жағдайда «Ертіс» петропавлдық «Қызылжарға» қарсылас атанады.
Плей-офф матчтары 21-23 наурызда, 1/8 финал – 13-14 сәуірде, ал Кубок финалы 23 қыркүйекте өтеді.