Павлодарға жаңа футболшылар келіп жетті
«Ертіс» алғашқы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы клубтың Instagram желісіндегі ресми аккаунты жазды. Бірінші оқу-жаттығу жиынына былтыр өнер көрсеткен қақпашы Дмитрий Пискун, алаң ойыншылары Әлішер Бекжанов, Азамат Қанат, Павел Баркунов, Виктор Крюков, Әмір Мұралинов, Айхан Ержанов, Алмас Әбдуәлиев, Мейрамбек Еренғайып пен Аспандияр Ержан шақырылған жоқ.
Өткен жылғы «Ертістен» келесі ойыншылар қалды: қақпашылар: Қанат Баязит, Тимур Носков, қорғаушылар: Бақтияр Төлеуов, Владимир Воменко, Даниил Нырков, жартылай қорғаушылар: Изат Құлжанов, Жаслан Қайыркенов, Артем Попов, Вячеслав Раскатов, шабуылшылар: Руслан Есімов, Арман Смайылов, Тимур Байжанов пен Александр Бовкун. Өткен маусым аяқтала салысымен Тамерлан Ағыманов «Екібастұздан» оралды.
Командаға «Ақсудан» Дархан Базилов, Данил Ефременко, Ерасыл Байдрахманов және Владислав Богданов, «Екібастұздан» – Мирас Рихард, Абай Қасаин және Мирас Тұрлыбек шақырылды. Сондай-ақ оқу-жаттығу жиынына белгілі қазақстандық ойыншылар Ғафуржан Сүйімбаев, Еркебұлан Нұрғалиев, Әділхан Добай, Максим Ваганов, Рауан Орынбасар, Максим Федин және Никита Калмыков шақырту алды. Соңғысы павлодарлық футболдың түлегі.
Жиын 15 қаңтарда басталып, 30 қаңтарға дейін жалғасады. Екінші оқу-жаттығу жиынын Ташкентте өткізу жоспарлануда, жаңа маусымға дайындық Шымкентте аяқталады.