Павлодарлық студенттер халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Павлодарлық студенттер халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Бірнеше ел командалары өзара бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жаратылыстану пәндері бойынша халықаралық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданы Абай атындағы ҚазҰПУ, Жаратылыстану және география институты, Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы бірлесіп ұйымдастырған.

Білім сайысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен барлығы 13 команда қатысып, үш кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады.

Бірінші бөлім – «Педагогика бізді біріктіреді» визиттік картасы, екінші - мамандық бойынша проблемалық тақырыпқа эссе жазу, үшінші – кейс шешімі.

Олимпиада нәтижесі бойынша Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің химия, биология, география білім беру бағдарламасының студенттері үшінші орынға ие болды.

Олар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді және педагогикалық мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды нәтижелі орындады. Команда жетекшісі – жаратылыстану жоғары мектебінің сарапшы – оқытушысы Баян Баймұрзина.