Павлодарлық мектептерде қауіпсіздік сабақтары енгізіледі
Сабақтар балаларды қауіптерден қорғауға, интернеттегі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, 23-27 қыркүйек аралығында қаланың білім беру мекемелерінде «Балалардың қауіпсіздігі — қоғамның басымдығы» тақырыбында педагогикалық ұжымдардың кеңестері ұйымдастырылды. Балалардың желідегі және нақты өмірде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударылды.
Кездесулер аясында педагогтер балалар мен жасөспірімдердің интернеттегі қауіптері, соның ішінде кибербуллинг пен қауіпті онлайн ойындарға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Педагогтерге қауіпсіздік, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, бағдарламаның маңызды сәттерінің бірі — қауіпсіздік сабақтарын енгізу. Алдағы уақытта әр сынып сағаты аясында өткізіледі. Бұл сабақтар балаларды заманауи қауіптерден қорғауға және олардың интернеттегі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Сонымен қатар, тәрбиешілер проблемаларды уақтылы анықтау және оқушылардың әл-ауқатына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналармен және психологтермен өзара әрекеттесу алгоритмдерін талқылады. Қатысушылар балалар өздерін қорғалған екендігін сезіну үшін білім беру мекемелерінде қауіпсіз атмосфераны құрудың маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді.