Павлодарлық жас әншілер халықаралық байқауда өнер көрсетті
Түрлі аймақтардан келген өнерлі таланттар Астанада басын қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық Оқушылар сарайының «Тұмар» эстрадалық вокал студиясы Астана қаласында өткен VII Халықаралық түрлі жанрдағы «Алые паруса» конкурс - фестиваліне қатысты. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы хабарлады.
Фестивальдің қазылар алқасында кәсіби педагогтар, әртістер, Италия мен Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері болды.
Байқау қорытындысы бойынша «Тұмар» эстрадалық вокал студиясы «Осы музыка» әні үшін II дәрежелі дипломмен, «Тек алға» әні үшін II дәрежелі дипломмен, «Hit the road jack» әні үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілер алғыс хаттар берілді.
– «Алые паруса» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының халықаралық конкурс-фестивалі ортақ мәдени және ақпараттық кеңістікті сақтауға, Қазақстан мен шет елдердің балалар мен жастар фестивалі қозғалысын дамытуға ықпал етуге арналған, – деп атап өтті «Тұмар» студиясының жетекшісі Темірлан Аскаусов.
Фестивальдің басты мақсаты-балалар мен жастарға шығармашылық қарым-қатынас жасау, жаңа таланттарды анықтау, түрлі елдердің ұлттық мәдениеті мен өнерінің үлгілерімен танысуға мүмкіндік беру. Фестиваль Қазақстанның, сондай-ақ ТМД елдерінің балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық ұжымдарының дамуын қолдауға арналған.
Фото: Павлодар облысының білім беру басқармасы ұсынды