Павлодарлық жас өрендер Ұлттық ядролық орталыққа барды
Экскурсияға «ЭкоЖастар» клубының мүшелері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аталмыш экоклуб №36 мектебінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда мектептің экологиялық мұражайы да бар.
Оқушылар Семей сынақ полигонының музейінде болып, қаланың көрікті жерлерін тамашалады.
– Экскурсияға 7-9 сынып оқушылары барды. Сапар барысында мұражайға Семей ядролық полигоны, ұлттық орталықтың экология, генетика, ядролық физика және Өнеркәсіптік инженерия саласындағы ғылыми қызметкерлерінің қызметі туралы материалдар жиналды, – деді ұйымдастырушылар.
Бұдан бөлек, балалар радиациялық қауіпсіздік және экология институтының зертханалық корпусында флора мен фаунаның экологиялық үлгілерін мониторингтеу процесін бақылады.
Сонымен қатар, сәулелену дозаларын бағалау қалай жүргізіліп жатқанын көрді.
Айта кетейік, мектеп мұражайына екі тілде ғылыми әдебиеттер сыйға тартылды.