Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы күрес жүргізетін мердігер анықталды

Павлодар облысында шыбын-шіркейге қарсы күрес жүргізетін мердігер анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мемлекеттік сатып алулар порталында жүргізілген рәсімдер аяқталды,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыста алдағы үш жылға дезинсекциялық шараларды өткізуге 7,8 миллиард теңге бөлінді. Қараша айында облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы осы жұмыстарды орындауға конкурстық рәсімдер жариялаған болатын. 

Өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша астаналық «В и К ЛТД» ЖШС фирмасы жеңімпаз атанды. Қызмет көрсету мерзімі үш жылға бекітіледі. Мердігерлер масалардың дернәсілдеріне қарсы 127 мың гектар жайылма өңдейтін болады. Оған Павлодар, Ақсу қалаларының, Ақтоғай, Тереңкөл және былтыр болмаған Павлодар мен Ертіс аудандарының жайылмасы кіреді. 

Талап етілетін сипаттамаларға сәйкес орындаушы, ғылыми сүйемелдеу тобының фенологиялық бақылауымен жүргізілген дезинсекциялық жұмыстардың тиімділігін кемінде 80% қамтамасыз етуге міндетті. 

– Егер жүргізілген өңдеулердің тиімділігінің 80%-дан кем фактілері анықталған жағдайда орындаушының есебінен қайта өңдеулер жүргізіледі. Тиімсіз орындалған жұмыс көлемі үшін төлем жүргізілмейді, – деді тапсырыс берушілер. 

Еске сала кетейік, 2024 жылы Павлодар облысында өңделетін аумақтар көлемі артатын болады. Мысалы, авиаөңдеу аумағы 2021 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге немесе 100 мың гектарға артады. Бұрын төрт авиаборт шықса, келесі жылдан бастап олардың саны сегізге дейін ұлғайтылады.