Екібастұзда балалар ойын алаңдарындағы топырақта сәйкессіздік жойылды
Былтыр мониторинг барысында ауадан 30 мыңнан астам сынама алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде санитарлық-химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 33726 сынамасы зерттелді.
– Шекті рұқсат етілген концентрацияның артуы Павлодар қаласындағы бақылау нүктелерінде байқалды: жалпы шаң, өлшенген заттар, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, күкіртсутегі. Екібастұз қаласындағы шаң мөлшері бойынша өлшенген заттар, күкірт диоксиді, азот диоксиді, күйе, кремний диоксиді бойынша 347 сынама белгіленген, – дейді мамандар.
Микробиологиялық көрсеткіштерге 1962 топырақ сынамасы зерттелді. Екібастұз қаласының балалар ойын алаңдарында, Павлодар қаласының рекреация аумағында 18 сәйкессіздік анықталды.
Сәйкес келмейтін сынамалардың нәтижелері бойынша профилактикалық іс-шаралар бойынша ұсыныстармен мүдделі органдарға ақпарат жолданды. Кейінірек жоғарыда аталған барлық бақылау нүктелерінде топырақты қайта іріктеу жүргізілді. Сәйкес келмейтін сынамалар табылмады.