Павлодарлық зияткерлер үздік атанды

Павлодарлық зияткерлер үздік атанды
Фото: НЗМ

Олимпиада Ақтау, Алматы және Астана қалаларында өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада тоғыз медаль жеңіп алды. Оның ішінде біреуі – алтын, алтауы – күміс және екеуі – қола медаль. География пәнінен Шыңғыс Мүрсәлім І орынға, Бахтияр Даниялов, Мансур Тұрсынғалиев ІІ орынға, Бекзат Байкенов, Әнуар Қабдрахман ІІІ орынға ие болды. Тамила Рахимбаева химия, Кәрім Жүсіпов физика,  Тамерлан Нұрлыбек биология, Жасын Егнай информатика пәнінен күміс медаль алды.    

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы осымен сегізінші рет республикалық олимпиадада жеңіске жетіп, «Үздік олимпиадалық команда – 2025» Гран-при жүлдесін жеңіп алып.

– Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының республикалық және халықаралық олимпиадалардағы осындай тұрақты жоғары жетістіктері мектептегі олимпиадалық резервті дайындаудың жақсы жүйесі мен жоғары деңгейдегі кәсіби олимпиадалық даярлық тренерлерінің жұмысына байланысты, – дейді мектеп директоры Жанар Үмбетаева. 

Айта кетейік, Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірнеше оқушысы республикалық олимпиада нәтижелері бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін республикалық резервке енді.

Қазіргі таңда республикалық олимпиада қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалғасуда.