«Ойынға ойсыз құмар»: Лудоманиядан айығуға бола ма?
Егер жақын адам отбасынан алыстап кетсе, үнемі телефонда отырса, несие берешегі болса, оған назар аудару керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
30 жастағы Марат ҚР ІІМ ҚАЖК №45 (орташа қауіпсіздік) мекемесінде алаяқтық жасағаны үшін мерзімін өтеп жатыр. Ер адам 2013 жылы университетті бітіріп, техника дүкеніне жұмысқа орналасады. Алдымен сатушы адал жұмыс істейді. Кейін ақша жетіспеушілігінен, интернетте спортқа бәс тігуді бастаған.
– Мен аз мөлшерде ақша салдым, бірақ бірте-бірте одан да көп ұтқым келді. Тауарды кассадан шығарып, сататын схеманы ойлап таптым. Бұл ақшаға ставкалар қойдым, ревизия келген кезде техниканы сатып алып, қайта қойдым. Схема бірнеше жыл жұмыс істеді, – дейді сотталушы.
Сотталушының айтуынша, оның ең үлкен ставкасы – 2,5 миллион теңге. Бұл ставкадан ол ештеңе ұтпаған. Марат алаяқтық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылады. Бір жарым жылын өтеп үлгерді. Ол тергеу изоляторында отырған кезде құмар ойынға тәуелді екенін түсінген.
– Сотталған адам қолданбалы өнер секциясында тұрады. Сот үкіміне сәйкес 5 миллион талап арызы бар. Талап ішінара өтеліп жатыр. Сондай-ақ, психолог сотталған адаммен жеке және топтық терапияда жұмыс істейді. – дейді мекеме бастығының орынбасары Арман Жүсіпов.
– «Тағы да ойнап, ақшаны шығарып аламын» – лудоманның ең үлкен қателігі. Ставкаларға қол жетімділік және жеңіл ақшаға деген ұмтылыс жастарды басқарады. Кейін олар тәуелді болады, – дейді Марат.
Ер адамды үйінде тек анасы күтуде. Жұбайы ажырасып, екі қызымен басқа қалаға көшіп кеткен. Жалпы алғанда, ер адамның ұтылған ақшасы 10 миллионнан асады.