Павлодар облысында электр энергиясының тарифі өсті
Орташа алғанда, 1 кВт/сағ үшін баға екі теңгеге артады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС 2024 жылғы 10 тамыздан бастап электрмен жабдықтау қызметтеріне жаңа тарифтердің қолданысқа енгізілгені туралы хабарлайды.
– Орташа алғанда, 1 кВт/сағ үшін баға екі теңгеге артады. Бұл ретте, айта кетерлігі, тұтынушылар үшін электр энергиясына тарифтің өсуі жүйелік оператордың ұлттық электр желісін пайдалану тарифтерінің жоғарылауымен, энергия беруші ұйымдардың желілері бойынша электр энергиясын беру қызметтеріне шығындардың ұлғаюымен, кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеумен байланысты, – деді кәсіпорында.
Тұрмыстық тұтынушылар үшін босатылатын тариф 20,0144 теңгеден 1 кВт/сағ үшін 22,0192 теңгеге дейін артады. (ҚҚС-ты ескере отырып).
Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар үшін босатылатын тариф 30,8672 теңгеден 1 кВт/сағ үшін 32,704 теңгеге дейін өседі. (ҚҚС-ты ескере отырып).
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндіретін заңды ұйымдар үшін босатылатын тариф 30,8672 теңгеден 1 кВт/сағ үшін 32,5248 теңгеге дейін артады. (ҚҚС-ты ескере отырып).
Деңгейлік тарифтер тұтынылған электр энергиясына байланысты жеке тұлғалар үшін:
Электр плитасын пайдаланатын тұтынушы үшін бірінші деңгейдегі тариф 17,8304 теңгеден 1 кВт/сағ үшін 19,5664 теңгеге дейін өседі. (ҚҚС-ты ескере отырып).
Электр плитаны пайдаланбайтын тұтынушы үшін бірінші деңгейдегі тариф 18,2784 теңгеден 1 кВт/сағ үшін 20,1264 теңгеге дейін көтеріледі. (ҚҚС-ты ескере отырып).
Екінші деңгейдегі тариф 24,0128 тг теңгеден 1 кВт/сағ үшін 26,4208 теңгеге дейін артады. (ҚҚС-ты ескере отырып).
Үшінші деңгейдегі тариф 30,016 теңгеден 1 кВт/сағ үшін 33,0288 теңгеге дейін өседі. (ҚҚС-ты ескере отырып).
Тарифті ұлғайту Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің дәлелді қорытындысына сәйкес жүргізіледі.