Павлодарлық әнші диеталық наурыз көженің рецептімен бөлісті
Ұлттық асты әншінің әжесі дәстүрлі түрде әзірлеп келген. Кейіннен оны бойжеткен өз қалауы бойынша аздап өзгерткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның вокалисті Наталья Процкая өзінің ерекше рецептімен бөлісті.
Оның айтуынша, наурыз көжені әжесі мерекелік дастарханға дәстүрлі рецепт бойынша дайындаған. Яғни күріш, тары, жүгері, ет, құрт, айранды қолдана отырып, әзірлеген.
- Менің анам да осы дәстүрді жалғастырды. Әжемнің жолын жалғады, - деп бөлісті Наталья Процкая. - Біздің отбасымыз үшін Наурыз көктемнің басты мерекесі. Ал наурыз көже байлық пен өркендеудің символы. Біз бұл күні бауырсақ, бешбармақ және шелпек пісіреміз.
Натальяда отбасындағы дәстүрді үзбей келеді. Ол да жыл сайын ұлыстың ұлы күні наурыз көже пісіреді. Соңғы уақытта әнші наурыз көженің рецептін сәл өзгерткен. Өзі оны диеталық деп атайды. Құрамында бір стақан бидай, консервіленген жүгері, бұршақтың бірнеше түрі мен қолдың айраны, сондай-ақ дәміне қарай аздап ет, мейіз және тұз бар.
Әнші әуелі дәнді дақылдар мен бұршақ дақылдарын етпен бірге қайнатып алады. Содан кейін өзге қажетті тағамдарды қосып, араластырасыз.
- Мен Наурызды көбіне басты алаңның сахнасында өткіземін. Менің отбасым бұған түсіністікпен қарайды, – дейді Наталья Процкая. - Содан кейін біз Наурызды үлкен әрі тату отбасымыздың ортасында ерекше атап өтеміз. Біз үшін бұл мерекенің орны ерекше.
Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда облыстың қалаларында, аудандарында және ауылдарында алаңдарда киіз үйлер орнатылады, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіледі.