Павлодарда бір күнге су қысымы төмендейді

Павлодарда бір күнге су қысымы төмендейді

Онда техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

24 наурызда қала тұрғындарының пәтерлерінде су әдеттегіден аз қысыммен ағады. Бұл туралы "Павлодар-Водоканал" ЖШС ескертті.

- 24 наурызда облыс орталығында сорғы агрегаттарына техникалық қызмет көрсету себебінен шаруашылық ауыз су қысымы төмендейді, - деп түсіндірді кәсіпорында.

Жабдық 8:00-ден 17:00-ге дейін тазаланады. Содан кейін қысым қалпына келтіріледі.