Павлодардың орталық жағалауында жылжымалы сауда нысандары үшін арнайы алаң ашылады
Оны жабдықтау жұмыстарымен қала кәсіпкерлері мен коммуналдық қызметтер айналысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала басшысы Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, аталған алаң екі бөлікке бөлінетін болады.
– Оның біреуінде балалардың ойыншық машиналарын жалға беретін орын және стационарлық емес аттракциондар орналасады. Ал екінші бөлігі балмұздақ, тәтті мақта, сусын және басқа да заттарды сатуға жалға беріледі. Әр орын сумен және электр желісімен қамтылады, – деді ол.
Бұл жұмыстардың барлығы шағын бизнесті дамытудың мемлекеттік қолдау шаралары аясында тұрғындарды жайлы демалыспен қамту мақсатында жүргізіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram