Павлодарлықтар бачата биін тегін үйрене алады
Жас ерекшелігі бойынша ешқандай шектеулер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында 10 қазан күні сағат 15:00-де «Dance life» бачата бойынша шеберлік сыныбы өтеді. Тегін шеберлік сабағын халықаралық дәрежедегі бачата және кизомба хореографы Оксана Гантимурова өткізеді.
Бачата – сезімталдыққа толы латын американдық би. Бачатаны орындау үшін дененің қадамдары мен қозғалыстарын білу жеткіліксіз, биді барлық жан-тәнімен сезініп, оның мағынасын түсіну керек.