Павлодарлықтарды алдағы демалыс күндері «Ertis Promenade» сахнасында не күтеді?

Павлодарлықтарды алдағы демалыс күндері «Ertis Promenade» сахнасында не күтеді?
Фото: Ольга Бугаева

Әр апта сайын тұрғындар үшін қызықты бағдарлама жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 7-9 маусым күндері болатын іс-шараларды жариялады. 

7 маусым 19:00 – облыстық «Saryarqa samaly» газетінің 95 жылдығына арналған «Елмен етене басылым» атты мерекелік-концерт басталады;

8 маусым 09-10:00 – «Top Star» фитнес клубының ұйымдастырауымен таңғы жаттығулар өтеді. Ал 19:00 бас сахнада джаз оркестрі «Джазовые портреты» атты концертін қояды. 

9 маусым 10-11:00 – «BeStretch.Kz» студиясының ұйымдастыруымен таңғы жаттығулар болады. Кешкі 18:00-де «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ең сұлу» фильмі көрсетіледі.