Павлодар облысында таланттар байқауы жарияланды

Павлодар облысында таланттар байқауы жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы жастары арасындағы көше әншілері, бишілері және басқа да таланттардың қатысуымен өткізілетін таланттар байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 14 тамызға дейін ұзартылды. Байқау үш аталымды қамтиды:

1. Вокал жанры – соло, дуэт, ансамбль;

2. Би жанры – жеке, топтық, эстрадалық, заманауи, классикалық, халық биі және басқа да билер;

3. Аспаптық жанр – соло, ансамбль.

Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы шығармашылық ұжымдар, әуесқойлар мен кәсіби әншілер қатыса алады. Дыбыстың сапасы, тембрдің әсемдігі, сахналық мәдениет, қозғалыс техникасы, көркем образды ашу сияқты критерийлар есепке алынады. Іріктеуден өтіп, финалға жеткен қатысушылар «Ertis Promenade» сахнасында өнер көрсетеді.

Жүлде қоры (әрбір аталым бойынша):

1-орын – теледидар

2-орын – тасымалды аудиожүйесі

3-орын – проектор

Толық ақпаратты 87051902110 WhatsApp нөмірі арқылы білуге болады.