Павлодар облысында Астана күнін қалай тойлайды?

Павлодар облысында Астана күнін қалай тойлайды?
Фото: yobte.ru / Death2055

Елорданың 26 жылдығына орай концерттік бағдарламалар, көрмелер мен өлкетану сабақтары ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 4-21 шілде аралығында өңір аумағында келесі іс-шаралар өткізіледі:

4 шілде күні:

  • сағат 11:00-де Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Ел жүрегі – Астана» көрмесі, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Менің Астанам – менің мақтанышым» өлкетану сабағы, С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Астанаға арнау» көрмесі, сағат 15:00-де М.У.Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылық музейінде «Ұлы дала Астанасы» өлкетану сабағы;

4-21 шілде аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Ақсу тарихи-өлкетану музейінде «Астана – әсем қала»  музей қорынан кітаптар және фотокөрмесі;

5 шілде күні:

  • сағат 11:00-де Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде «Астана – ұлы дала Елордасы» квесті, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Астана тарих айнасында» танымдық сағаты, «Астана – елдің мерейі» бейнекруизі, Шафердің музей-үйінің концерттік залында «Здравствуй, столица» кеші, сағат 15:00-де Д.П. Багаевтың мемориалдық музей-үйінде «Мен сені әндетіп шырқаймын, Астана!» фотокөрмесі;
  • Аққулы ауданының орталық алаңында сағат 19:00-де «Ел жүрегі - Астана» мерекелік  концерті, Баянауыл ауданының С. Торайғыров атындағы мәдени сауық орталығында сағат 11:00-де «Жаңарған,  жайнаған Нұр қала!» гала-концерті, Железин ауданының мәдениет үйінде сағат 11:00-де «Ел жүрегі – Астана» мерекелік концерті; Ертіс ауданында сағат 11:00-де аудандық мәдениет үйінде «Асқақтай бер, Астанам»  мерекелік концерті, Май ауданының мәдениет ойын-сауық орталығында сағат 19:00-де «Асқақтай бер, Астанам»  мерекелік  концерті, Павлодар ауданының Шақат ауылдық клубында сағат 11:00-де «Елімнің жүрегі – Астана»  мерекелік концерті, Шарбақты ауданының мәдениет үйінде сағат 11:00-де «Жайнай берсін Астана» концерттік бағдарламасы, Павлодар қаласында сағат 16:00-де Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінде «Астана – бас қала!» мерекелік концерті; 

5-8 шілде аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін П. Васильевтің музей-үйінде «Арман қала Астана!» мерекелік көрме-калейдоскопы;

5-21 шілде аралығында сағат 11:00-де Шарбақты тарихи-өлкетану музейінде «Жарқыра, Астана!» көрмесі;

6 шілде күні:

  • сағат 11:00-де М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінде «Астана – бас қала» фотокөрмесі, Кенжекөл ауылының орталық алаңында «Арайлы астана» мерекелік концерті, Павлодар ауылының Роза Бағланова атындағы Мәдениет үйінде «Ел жүрегі – Астана» концерттік бағдарламасы, сағат 15:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Астанам! Ару қалам, асқақ ордам» концерттік бағдарламасы, сағат 19:30-да «Ertis Promenade» сахнасында «Елорда әуені» мерекелік концерті; Екібастұз қаласында сағат 11:00-де «Өнер» қалалық Мәдениет сарайының алаңында «Менің сүйікті Астанам» мерекелік концерті; Ақсу қаласында сағат 19:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Жайнай бер, Астанам» мерекелік концерті; Ақтоғай ауданында сағат 11:00-де «Тәуелсіздік» саябағында «Асқақтай бер, Астанам» мерекелік концерті; Тереңкөл ауданының жағажайында «Гүл жайнаған Астана»  мерекелік концерті; Успен ауданының мәдениет үйінде сағат 19:00-де «Астана-елімнің жүрегі» концерттік бағдарламасы.

6-20 шілде аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Астана күніне орай музей қорынан көрме.