Павлодарлықтар «Баянтауда» екі сағаттық триллердің куәсі болды

Нәтижесінде павлодарлық волейболшылар көшбасшыларға жақындай түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұрнағы күні Сергей Грибовтың шәкірттері «Жетісумен» ойнады. Талдықорғандықтар ерлер командалары арасындағы Ұлттық лига чемпионатының үздік үштігіне кіру үшін павлодарлықтардың тікелей бәсекелестері болып табылады.
Матч өзінің әдемілігімен және қарқындылығымен ерекшеленді. Ойын тізгіні қарсыластан-қарсыласқа көшіп отырды. Матч тағдыры тек тай-брейкте ғана шешілді. Есеп 15:14 болып тұрғанда «Жетісу» шабуылшысы Владислав Кунченко айласын асырмақ болды. Ресейліктердің шабуылына Асқар Серік пен Михаил Устинов орындаған қос блок кедергі болды.
Осылайша, павлодарлықтар төртінші айналымдағы екінші жеңісіне қол жеткізіп, 39 ұпай жинады. «Жетісудан» ұпай айырмасы екі балға дейін қысқарды.
19 ақпанда павлодарлықтар чемпионаттың көшбасшысы Оралдың «Жайық» командасына қарсы ойнайды. Ойын «Баянтау» спорт сарайында сағат 18.30-да басталады.