Павлодар облысындағы шағын ауылда спорт шебері өсіп келеді

Павлодар облысындағы шағын ауылда спорт шебері өсіп келеді
Фото: Махамбет Сағындық жеке архивінен

Алтыншы сынып оқушысы түрлі спорт түрлеріне қызығады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қаныш Сәтбаев атындағы ауыл тұрғыны он екі жасар Махамбет Сағындық волейболды ерекше жақсы ойнайды. Оның бұл спорт түрімен айналысқанына аз ғана уақыт болса да, оның қабілетін Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бағалап үлгерді.

Махамбет волейболдан спорт шеберіне кандидат атағын алды. Бір қызығы, бұл Сәтбаев ауылында мұндай биікке жеткен бірінші спортшы.

– Волейбол ойнағанды ұнатамын, басқа да спорт түрлерімен айналысамын. Болашақта спорт шебері атанып, Қазақстан құрамасы сапында еліміздің намысын қорғағым келеді. Мен өзіміздің «Pavlodar» сапында ойнауды армандаймын, - деп бөлісті Махамбет Сағындық.

Спортшы алтыншы сыныпта Шадринск мектебінде оқуын аяқтады. Волейболдан жаттықтырушысы Мадияр Айтжан. Махамбет Сағындық волейболмен 2022 жылдан бері айналысады.