Павлодарлық оқушылар республикалық пікірталаста жеңіске жетті

Павлодарлық оқушылар республикалық пікірталаста жеңіске жетті
Фото: pixabay.com

Олар қаржылай сыйлық алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

№7 мектепте еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар мен студенттер «AMERICAN CORNER CUP 2025» республикалық пікірсайыс турнирінде бақ сынады. Турнир студенттік лига 32 команда, мектептік лига 32 команда болып өтті.

–  Серіктесім Тоғжан Мауафик екеуміз жеңімпаз атандық. Маған болашақ технология бағытындағы «қазақ ғылым академиясын қайта құру керек» деген тақырып қызықты болды, – дейді Бас жүлде иегерлері – «Тарғын» командасының мүшесі Асанәлі Күзембай.

Ол – қалалық химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 «C» сынып оқушысы. Серіктесі Тоғжан Мауафик екеуі қаржылай 50 мың теңгеден жалпы жүз мың теңге жеңіп алды.

Оның айтуынша, пікірталас жарыстарына мектепте дайындайтын «NIS DEBATE CLUB» үйірмесі бар, жетекшісі апта сайын сабақтар өтеді.