Екібастұзда Тәуелсіздік күніне арналған турнир аяқталды
Волейболдан өткен жарысқа бес команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласында 2011-2012 жылы туған ер балалар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық турнир өтті.
Аталмыш турнирда бес команда бақ сынады. Атап айтқанда - Астана қаласының құрамасы, Екібастұз қаласының құрамасы, Павлодар қаласы №2 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің құрамасы, Солнечный кенті және Баянтау құрамасы.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Екібастұз қаласының командасы алса, екінші орын №2 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің құрамасына бұйырды. Ал бірінші орынды астаналықтар иеленді. Үздік шабуылдаушы аталымын Батырхан Зейнуллов жеңіп алды.