Батыс волейболшылары павлодарлық жұртшылықтың көңілін түсірді

Батыс волейболшылары павлодарлық жұртшылықтың көңілін түсірді
Фото: «Pavlodar» ВК

Осыдан кейін Ұлттық лига командалары демалысқа шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Турнир қожайындары «Pavlodar» чемпионат көшбасшысы оралдық «Жайықпен» кездесті. Әуелде «Тараз» бен «Жетісуды» жеңген Сергей Грибовтың шәкірттері батысқазақстандықтарға қарсы ештеңе істей алмады. Қорытынды есеп 3:0 болды.

Үшінші сетте павлодарлықтар бар күшін жиып, қонақтар жоспарын бұзуға тырысты. Алаң иелері сет соңында есепті теңестіргенімен, алға шыға алмады. Батысқазақстандықтардың блогі сәт сайын палводарлықтар үшін алынбас қамалға айналды. Осы арқылы Орал командасы ақыры дегеніне жетті.

20 ақпанда командалар демалысқа шықты. Төртінші турдың матчтары 21 ақпанда жалғасады. Бұл күні павлодарлықтар алматылық «Буревестникпен» ойнайды. Турнир 22 ақпанда «Pavlodar» - «Ақтөбе» кездесуімен аяқталады. Екі ойын да «Баянтау» спорт сарайында сағат 18.30-да басталады.