Павлодарлықтар Қысқы Жастар ойындарында сәтті өнер көрсетті

Павлодарлықтар Қысқы Жастар ойындарында сәтті өнер көрсетті

Риддерде өткен IV Қысқы Жастар ойындарын шаңғы жарысы бойынша масс-старт тәмамдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жарыс күні жауын жауып, спортшылар жүгін ауырлатты. Нәтижесінде юниорлар арасында 10 шақырым қашықтықта павлодарлық Елизавета Толмачева екінші орынға ие болды. Сабина Сүлейменова ересектер арасында жетінші орынды иемденді. Ер юниорлар арасында ең жақсы нәтижені Иван Мертынс көрсетті. Ол 15 шақырымда тоғызыншы көрсеткіш танытты.

Оған дейін классикалық жарыстың жекелей сынында Елизавета Толмачева юниорлар арасында Жастар ойындарының чемпионаты атанды. Өз кезегінде, ересектер арасында Сабина Сүлейменова қола медальді мойнына тақты. Екатерина Ланглиц, Иван Мертынс және Юрий Тумашев та жақсы нәтиже көрсетті.

Сонымен бірге, жекелей жарыстың спринт түрінде Елизавета Толмачева тағы бір алтын медальді қоржынына салды.