Павлодарда энергетиктер үздік шаңғышыларды анықтады

Павлодарда энергетиктер үздік шаңғышыларды анықтады
Фото: pexels.com / Visit Almaty

36 қатысушы өз бақтарын сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өткен сенбіде «Ертіс» базасында «Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ мүшелері арасында шаңғы жарысынан жеке-командалық сайыс өтті. Жарысқа 18 ер және 18 әйел қатысты.

– Бұл спорт түрі тек кәсіпқойларға ғана емес, әуесқойларға да арналған! Шаңғы жарысы төзімділікті дамытып, жүрек-қан тамыр жүйесін нығайтады және қысқы табиғаттан ләззат алуға мүмкіндік береді, – деді кәсіподақ төрағасы Балтабек Төлеубаев.

Жарысқа «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «Павлодарская РЭК» АҚ, «Павлодар жылу желілері» ЖШС, «Каустик» АҚ және «УПНК-ПВ» ЖШС командалары қатысты. Қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталды.

Барлық жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жарыстан кейін қатысушыларға ыстық шай, кофе және дәмді тағамдар ұсынылды.