Павлодарда қысқы спорттық бағдарлау бойынша жарыстар өтті

Павлодарда қысқы спорттық бағдарлау бойынша жарыстар өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарысқа жалпы саны 82 оқушыны қамтитын 9 аудандық және 2 қалалық команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, 26-27 ақпан аралығында «Ертіс» шаңғы базасында бірінші облыстық кешенді гимназиясының қалалары мен аудандарының оқушылары додаға түсті. 

Жарыс нәтижелері бойынша:

Қала: 

  • 1 орын – Павлодар қаласы; 
  • 2 орын – Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия. 

Аудан:

  • 1 орын – Успен ауданы; 
  • 2 орын – Шарбақты ауданы; 
  • 3 орын – Ертіс ауданы.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының дипломдарымен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.