Павлодарлықтарды еріктілер қатарын толықтыруға шақыруда

Павлодарлықтарды еріктілер қатарын толықтыруға шақыруда
Фото: rtek24.ru

Іріктеу өңірдің үш қаласында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» еріктілер ұйымы баспасөз қызметінің мәліметінше, еріктілерді іріктеу Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында жүзеге асырылады.

Біздің команда із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу, гуманитарлық көмек көрсету және тағы басқа жұмыстармен айналысады. Жақсылық жасау және көмектесу өмірдегі ұстанымдарыңыздың бірі деп ойласаңыз, біздің тату командамызға қосылыңыз, – делінген хабарламада.

Толық ақпарат алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

  •  +7(705)144-02-54 Венера;
  • +7(747)615-55-63 Катерина.