Асайын Байханов: Екібастұз – Павлодар өңірінің мақтанышы
Облыс әкімі Екібастұз қаласының тұрғындарын қала күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ол Екібастұз – Павлодар өңірінің мақтанышы, еліміздің өркендеуіне серпін беріп отырған ірі орталықтардың бірі екенін атап өтті. Бүгінде қала моноқала шеңберінен шығып, заманауи индустриялық, энергетикалық және инвестициялық орталық ретінде жаңа белеске көтерілуде. Мұнда республикалық маңызы бар ірі жобалар жүзеге асырылуда.
– Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көреген саясаты мен қолдауының, экономиканы әртараптандыру бағытындағы жүйелі жұмыстың және ең бастысы, сіздердің адал еңбектеріңіздің нәтижесі. Мен үшін Екібастұз – ерекше рухы бар, тарихы бай, қайсар жандар мекендеген қала. Ата-анам осы шаһарда тұратындықтан, бұл мекен менің жүрегіме де жақын. Екібастұздың ең үлкен байлығы – туған жерін сүйетін, еңбекқор, ақжарқын тұрғындары, – деді Асайын Байханов.
Аймақ басшысы баршаға бақ-береке, амандық пен молшылық, жастарға – биік мақсаттар мен толайым табыс, аға буынға – мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және лайықты құрмет тіледі.