Павлодарлықтарды фотостудияның қыр-сырын танып-білуге шақырады

Павлодарлықтарды фотостудияның қыр-сырын танып-білуге шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мамандардан тегін дәрістер мен воркшоп беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

F2 фотостудиясының мәліметінше, 21 қаңтар күні Ашық есік күні өтеді. 

Дәрістер мен воркшоптың тақырыптары төменде:

11:00-12:00 – Фотосурет арқылы балаларда шығармашылықты дамыту

12:30-13:30 – Студия жарығы және өңдеу негіздері

14:00-15:00 – Бірінші камераны қалай таңдауға болады?

15:30-16:30 – Отбасылық түсірілімге дайындық

17:00-18:00 – Коммерциялық фотосурет. Фотосуретшінің табыс көзі неде?

Спикерлер: Александра Омарова, Александр Рыбас және Алексей Чернышёв.

Тіркелу сілтемесі @f2studio.kz инстаграм парақшасында орналасқан.