Ақсуда кәсіпкерге қаржысын қайтаруға көмек көрсетілді

Ақсуда кәсіпкерге қаржысын қайтаруға көмек көрсетілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кәсіпкерлердің мәселесін шешу үшін арнайы топ құрылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өткен жылы «Атамекен» Павлодар облыстық палатасының Ақсу филиалы 11 бизнес-жобаға қолдау көрсетіп, оның бесеуі қаржыландырылды. 2024 жылдың он екі айдың ішінде қызмет көрсету орталығы арқылы 267 клиентке кеңес беріп, 1161 қызмет көрсеткен.

Осы уақыттың ішінде қалада он екі кәсіпкерлік нысаны ашылды: жетеуі – мал шаруашылығы, бесеуі – бөлшек сауда салаларында.

Филиалға кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғауды сұраған жеті өтініш түскен. Соның бірі – бюджеттік ұйымдардың «Innovation center project» ЖШС-не бір миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу қаражатын қайтармауына қатысты. Бұл іске қатысты Ақсу прокуратурасына хат жолданып, мәселе оң шешімін тапты.

– Басқа да өтініштерде кәсіпкерлер су шығыны мен несиенің пайыздық мөлшерлемесі бойынша субсидиялардың уақтылы төленбеуіне шағымданған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифтерінің көтерілуі, мал шаруашылығындағы кадр тапшылығы, мектеп асханаларын жалға алушыларды тексеру, сондай-ақ қаланың төртінші шағын ауданындағы интернеттің нашарлығы туралы шағымдар жиі түскен, – деп атап өтті палатада. – Өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жерді жалға беру тарифтерінің көтерілгеніне шағымданған тағы бір хат түсті.

Осы және өзге де бизнес мәселелері Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбекпен кездесуде талқыланды.

Ақсу қаласы кәсіпкерлерінің құқығын прокуратура жанынан құрылған, құрамына кәсіпкерлер палатасы, Ақсу қаласының прокуратурасы, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі агенттігінің өкілдері кіретін топ қорғайтын болады.