Павлодарда жас волейболшылар жарысты

Павлодарда жас волейболшылар жарысты
Фото: Константин Шелков

Турнирде 10-ға жуық команда бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Баянтау спорт сарайында 2012-2013 жылдары туған спортшылар арасында волейболдан облыс чемпионаты өтті. Турнирде 8 команда сайысты. 

Чемпионат қорытындысы бойынша, үшінші орынды Павлодар ауданының спортшылары алса, екінші орын қалалық волейболшыларға бұйырды. Ал бірінші орынды баянауылдықтар қанжығалады. 

Айта кету керек, ҚР жазғы чемпионатына қатысу үшін облыстың құрама командасы жасақталатын болады.