Павлодарлықтарға қаржы ұйымы инватакси сыйға тартты
Бұл мекеменің жүз жылдығына орай ұйымдастырылған «Жүз игі іс» акциясы аясында іске асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Halyk» банкі Қазақстанның 13 қаласында ерекше қажеттіліктері бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған тұрғындарына арнайы автомобильдер сыйға тартты. Олар гидравликалық және орындықтарды бекітетін ыңғайлы көтеру құрылғыларымен жабдықталған.
Бүгін «Halyk» банкінің Павлодар филиалының басшылығы облыс орталығының әкімдігіне инватакси сертификатын тапсырды. Ерекше сыйлықты қала басшысының орынбасары Светлана Гладышева қабылдады.
- Бұл «Halyk» банкінің павлодарлықтардың игілігі үшін инватаксиді алғаш сыйлауы емес. Бүгінгі таңда мұндай қызмет белсенді ұзақ өмір сүру орталығында бар. Егде жастағы адамдар бізде өте белсенді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да үйден шығып, түрлі іс – шараларға қатысқанын, қоғаммен араласқанын қалаймын, - деді «Halyk» банкі АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Ернар Айтжанов.
Айта кетелік, инватаксиге тоғыз адамға дейін сыяды.