Павлодара «Ertis promenade» маусымы 20 мамырда ашылады

Павлодара «Ertis promenade» маусымы  20 мамырда ашылады

Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары, Павлодар облысы мен қаланың шығармашылық ұжымдары қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет бөлімінің мәліметі бойынша, биыл «Ertis promenade»  сахнасының  жазғы маусымының мерекелік ашылуы 20 мамырда өтеді.  

«Ertis promenade» сахнасындағы іс-шаралар бағдарламасы әртүрлі жанрды қамтиды. Қала тұрғындарының назарына И. Байзақов атындағы филармонияның симфониялық оркестрі қойылымдар ұсынады. Астаналық «BN Team Orchestra» музыканттары қатысады, «Ratovich» ретро концерті, Виктор Цойды еске алуға арналған «Кино» рок фестивалі, Жастар күні аясында «Forever young» музыкалық фестивалі өтеді. 

– Сондай-ақ айына бір рет би кештері өткізіледі. Әр жексенбіде қазақстандық кино фильмдерінің көрсетілімі өтеді. Маусым бойы көрермендерге облысымыздың барлық аудандарының шығармашылық ұжымдарының концерттері, кәсіби мерекелерге арналған іс-шаралар ұсынылады, – дейді бөлімде. 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың жазғы кезеңінде «Ertis promenade» сахнасында 57 іс-шара, 10 би кеші өткізілді, 13 фильм көрсетілген. 100 сағаттан астам концерттік бағдарламаға Павлодар қаласы мен Павлодар облысының 1 700 әртісі қатысты. Концерттік бағдарламаларда «Ertis promenade» сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының 35 әртісі өнер көрсетті. Іс-шаралар кезінде шаңырақ көтеруге жеті ұсыныс білдірген. 500  көрермен түрлі шығармашылық жобаларды тамашалаған.